ERASMUS + “ACCELED” ЖОБАСЫНЫҢ МАСТЕР – КЛАССЫ

https://skma.edu.kz/files/IMAGES/NEWS/202112/1856-2.jpg

6-10 желтоқсан аралығында «ОҚМА» АҚ – ның жоба командасы Қарағанды қаласының медицина университетінде өткен «Мейіргерлік қызметтерді дамытудағы сервис-дизайн-тәсілі» мастер – классының қатысушысы болды. Мастер-класс Acceled («Қазақстанның жоғары білім беру жүйесінде магистратура және PhD докторантура деңгейінде мейіргер ісін жетілдіру») жобасының бір бөлігі болып табылады, ол Erasmus+ арқылы ЕО-мен бірлесіп қаржыландырылады және жоғары білім берудің әлеуетін арттыру және реформалау үшін инновациялық жобаларды іске асырады.

https://skma.edu.kz/files/IMAGES/NEWS/202112/1856-3.jpg

Мастер-класс медициналық университеттердің профессорлық-оқытушылық құрамы, университеттік клиникалардың медициналық қызметкерлері және магистратура мен докторантура студенттері үшін ұйымдастырылды.
Мастер-класстың мақсаты – әр түрлі серіктестер арасындағы инновациялар мен ынтымақтастыққа әкелетін процестерді, жұмыс тәсілдерін, әдістер мен өзара әрекеттесуді құру және ұйымдастыру үшін қатысушылардың білімі мен дағдыларын кеңейту.

https://skma.edu.kz/files/IMAGES/NEWS/202112/1856-4.jpg

Мастер-класс барысында қатысушылар клиенттердің көзқарасы негізінде және тәжірибелі дәрігерлермен және соңғы пайдаланушылармен ынтымақтастықта мейірбикелік қызметтерді дамытудың заманауи әдіснамасын түсінді.
Мастер-классты JAMK (Финляндия, қолданбалы ғылымдар университеті) және Қарағанды медицина университеті бірлесіп ұйымдастырды.

https://skma.edu.kz/files/IMAGES/NEWS/202112/1856-5.jpg

Мастер-класс дәріскерлері:
Йоханна Хейккиля – аға кеңесші, PhD (Мейіргер ісі), JAMK қолданбалы ғылымдар университеті, Финляндия.
Ханнеле Тюрвяйнен – аға оқытушы, HYVI Денсаулық сақтау, медициналық зерттеулер, әлеуметтік қамсыздандыру, денсаулық сақтау және әлеуметтік зерттеулер мектебі, JAMK қолданбалы ғылымдар университеті, Финляндия.
Тора Хафстейнсдоттир – доктор, Мейірбике ісі бөлімінің аға ғылыми қызметкері, UMC Утрехт / Утрехт университеті, Нидерланды.
Аурелия Блажевичене – Литва медицина ғылымдары университетінің бас ғылыми қызметкері, Мейірбике ісі профессоры және мейігер ісі және күтім кафедрасының меңгерушісі, Литва.
Лисбет Фагерстрём – PhD, РМ медицина ғылымдарының профессоры, Або Академи университетінің Білім және әлеуметтік зерттеулер факультеті, Финляндия.

https://skma.edu.kz/files/IMAGES/NEWS/202112/1856-6.jpg

Паоло Колет – PhD, man, RN, RM, AFAAQHC, Назарбаев Университеті Медицина мектебінің профессоры.
«ОҚМА» АҚ – ның жоба командасы шағын топтардағы жұмысқа және талқылауға белсенді қатысты, университеттің клиникалық базаларына барған кезде – науқастармен жұмыста, барлық қатысушылар күн сайын жүргізілген жұмыс нәтижелерімен сөз сөйледі. Сертификаттарды тапсырғаннан кейін қатысушылар жергілікті жерлерде зерттеулер жүргізу үшін тапсырмалар алды.

 

Leave a Comment

Your email address will not be published.