ЭРАСМУС+ ЖОБАСЫНДА ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕРДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ МЕН ӘДІСТЕМЕСІН ЖЕТІЛДІРУ СЕМИНАРЫ

https://skma.edu.kz/files/IMAGES/NEWS/202204/1968-1.jpg

2022 ж.21 сәуірде ОҚМА акт залында “Жедел медициналық көмек және мейірбике ісі” кафедрасының ұйымдастыруымен Ғылым күніне арналған “Эразмус+ жобасында ғылыми зерттеулердің әдіснамасын ұйымдастыру және жетілдіру” тақырыбында семинар өткізілді.
Семинардың мақсаты-жеке және институционалдық деңгейде жобалар, нәтижелер, ықпал туралы ақпарат тарату, профессорлық-оқытушылық құрамды, студенттерді кеңінен тарту. Ғылыми-клиникалық жұмыс жөніндегі проректор Нұрмашев Б.К. құттықтау сөз сөйлеп, Erasmus + бағдарламаларының білім беру бағдарламаларын жетілдіруге, ЖОО оқытушыларының, білім алушылардың әлеуетін арттыруға мүмкіндік беретін өзектілігі мен маңыздылығын атап өтті.
Стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық басқармасының басшысы Ахметова А.А. Erasmus + жобаларымен таныстырды, халықаралық кредиттік ұтқырлық (ICM), ПОҚ әлеуетін арттыру (Capacity building), жобалар туралы ақпаратты тарату, жобаларды тану (логотип, үлестірме материалдар) мәселелерін атап өтті.

https://skma.edu.kz/files/IMAGES/NEWS/202204/1968-2.jpg

Семинарға ғылыми-клиникалық жұмыс, докторантура және магистратура басқармасының басшысы Жақсылық А.А., ЖМ ББК төрайымы Досыбаева Г.Н., кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы, студенттер, дәрігер резиденттер, интерндер қатысты.
“Жедел медициналық көмек және мейіргер ісі” кафедрасының меңгерушісі, академиялық үйлестіруші Сейдахметова А.А. “Қазақстанның жоғары білім беру жүйесінде магистратура және докторантура деңгейінде мейіргер ісін жетілдіру – AccelEd” жобасы туралы баяндама жасады, жоба Қазақстанның жоғары білім беру жүйесінде мейіргер ғылымы мен зерттеулерін реформалауға бағытталған. Баяндамада жобаның мақсаттары, негізгі нысаналы топтар, жобаның серіктестері, құрылымы, жұмыс пакеттері, жобаны іске асыру мерзімдері, іске асырылған іс-шаралар, іске асыру барысында қол жеткізілген нәтижелер туралы айтылды. 2021 жылдың қазан айында осы жоба шеңберінде Сinahl (Сumulative Index to Nursing and Allied Health Literature) дерекқорына қолжетімділік берілді.

https://skma.edu.kz/files/IMAGES/NEWS/202204/1968-3.jpg

Команда мүшелері Erasmus+ жобаларына қатысу және нәтижелерді өз қызметінде пайдалану тәжірибесімен бөлісті. Семинар интерактивті түрде ұйымдастырылып, өткізілді, қатысушыларға баяндамашылар сұрақтар қойып, семинар барысында жауаптар алды.
Кафедра ассистенті, зерттеуші Юнусметов Е.Ш. сервистік дизайнды жүзеге асыру, оның орталық өзектері, ашылу кезеңдері, анықтау, жобалау, әзірлеу туралы баяндама жасады. Ол бөлімде сервистік дизайнды жүргізу бойынша атқарылған жұмыстар, құрылған көп кәсіптік топ, әзірленген мақсаттар, міндеттер, атқарылған жұмыстар – өткізілген воркшоптар туралы кеңінен айтып берді.
Кафедра ассистенті, зерттеуші Дана Әуезханқызы кешенді жүйелі шолу бойынша тренинг туралы айтып берді. Бағдарламаны JBI, Оңтүстік Австралия, Аделаида Университетінің денсаулық сақтау және медициналық ғылымдар факультетінде орналасқан халықаралық зерттеу ұйымы ұсынды. Тренинг қатысушыларға сапалы және сандық жүйелі шолулар үшін хаттамаларды әзірлеу дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік берді. Қатысушылар денсаулық сақтау, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар сияқты салалардағы зерттеушілер мен тәжірибешілерге көмектесуге арналған веб-қосымша JBI SUMMARY платформасына (ақпаратты бағалау мен шолуды басқарудың бірыңғай жүйесі) бір жылға қол жеткізді. Тренинг аяқталғаннан кейін барлық қатысушылар қатысқаны туралы сертификаттар алды.
Кафедра ассистенті, зерттеуші Ходжакулова У.А. Або Академия университеті (Финляндия) және Астана медициналық университеті ұйымдастырған “Мейіргерлік күтім теориясының мәні мен дамуы” оқу курсы туралы айтып берді, оның мақсаты мейіргерлік күтімнің заманауи теорияларын әзірлеу және оларды клиникалық практикаға енгізу болды. Қатысушылар мейіргер ғылымында, білім беруде және клиникалық тәжірибеде қолданылатын бірқатар теориялар мен модельдерді зерттеді, теорияны қалай оқыту керектігін және ғылыми зерттеулерде қолданылатын Мейіргер ісі теорияларын қалай бағалау керектігін білді. Жоба аясында алынған тәжірибе мен білім барлығына даму үшін пайдалы.

https://skma.edu.kz/files/IMAGES/NEWS/202204/1968-4.jpg

Халықаралық жобаларға қатысу білім алушы педагогикалық құрамға өз әлеуетін арттыруға, командалық жұмыс дағдыларын, тілдік, аналитикалық дағдыларды, білім беру бағдарламаларын әзірлеу дағдыларын алуға мүмкіндік беретіні атап өтілді. Жоба аясында мастер-класстар, семинарлар мен тағылымдамалардың арқасында магистранттар мен докторанттар, оқытушылар өз білімдері мен ғылыми танымдарын кеңейте алады.
Семинар жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтті, қатысушыларға қызықты және танымды болды.

https://skma.edu.kz/files/IMAGES/NEWS/202204/1968-5.jpg

 

Leave a Comment

Your email address will not be published.