16-18 мамыр аралығында «ОҚМА» АҚ командасы Алматы қаласы, Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-да өткен «Магистрлік және PhD диссертацияларды бағалаудың басқарушы қағидаттары мен критерийлерін әзірлеу» мастер-классына қатысты. Мастер-класс Acceled «Қазақстанның жоғары білім беру жүйесінде магистратура және PhD докторантура деңгейінде мейіргер ісін жетілдіру» жобасының бір бөлігі болып табылады, ол Erasmus+ арқылы ЕО-мен бірлесіп қаржыландырылады және жоғары білім берудің әлеуетін арттыру және реформалау үшін инновациялық жобаларды іске асырады.
Мастер-класс ҚР медициналық университеттерінің профессорлық-оқытушылық құрамы үшін ұйымдастырылды.
Мастер-класстың мақсаты – магистрлік және PhD диссертацияларды бағалау рәсімі бойынша нұсқаулық әзірлеу.
Мастер-класс барысында қатысушылар магистрлік және PhD диссертацияларды бағалау критерийлерін әзірледі, содан кейін әрбір қатысушы магистрлік және PhD диссертацияны жеке сынақтан өткізді.
Мастер-класс JAMK (ДЖАМК қолданбалы ғылымдар университеті, Финляндия), UMC (Утрехт университеті, Нидерланды) және Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-мен бірлесіп ұйымдастырылды.
Мастер-класс модераторлары:
Йоханна Хейккиля – аға кеңесші, PhD (Мейіргер ісі), JAMK қолданбалы ғылымдар университеті, Финляндия.
Тора Хафстейнсдоттир – доктор, Мейіргер ісі бөлімінің аға ғылыми қызметкері, UMC Утрехт / Утрехт университеті, Нидерланды.