ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ

2022 ж. 19-20 мамырда Астана медициналық университетінде Эрасмус+ «Қазақстандағы жоғары білім беру жүйесінде магистратура және PhD докторантура деңгейінде мейіргер ісін жетілдіру – AccelEd» жобасы шеңберінде «Қазақстандағы мейіргерлік білім, зерттеулер және практика: мейіргер ісінің болашағына инвестициялар» Халықаралық конференциясы өтті. Жоба мейіргер ғылымы мен зерттеулерін дамытуға, магистратура мен докторантура деңгейінде мейіргерлер білімін нығайтуға ықпал етеді.
Құттықтау сөзімен баяндама жасағандар: “Астана медицина университеті” Басқарма төрағасы К.Т. Надыров; ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросының директоры Ханс Клуге; ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросының Мейіргер ісі және Акушерия саласындағы саясат жөніндегі кеңесшісі Маргриета Лангинс; мейіргерлер халықаралық кеңесінің президенті Памела Сиприано; Білім және ғылым министрлігінің басқарма директорының орынбасары Б.М.Нарбекова, AccelED жобасының серіктесі; Жобаның үйлестірушісі, Мейіргер ісі факультетінің деканы, Литва медицина ғылымдары университеті, Юрате Мациускене; Тора Хафштейнсдоттир, Утрехт Университетінің Медициналық орталығының аға зерттеушісі, Нидерланды; Лисбет Фагерстром, Або Академи университеті, Финляндия.
Конференция жұмысына Acceled жобасының барлық серіктестерінің өкілдері, Литва медицина ғылымдары университеті, JAMK қолданбалы ғылымдар университеті және Финляндиядағы Або Академия университеті, Нидерландыдағы Утрехт университеттік медициналық орталығы, қазақстандық жоғары оқу орындарының, колледждер мен медициналық ұйымдардың өкілдері қатысты.
Конференция жұмысына “Мейіргер күтімінің сапасын қамтамасыз етудегі заманауи тәсілдер” секциясының модераторы ретінде және дөңгелек үстелдің сарапшысы “Жедел медициналық көмек және мейіргер ісі” кафедрасының меңгерушісі Айзат Әшімханқызы Сейдахметова қатысты.
Әлемдегі мейіргер ісінің жай-күйі туралы, мейіргер ісіндегі мейіргер практикасын кеңейту және зерттеу туралы мәселелер, білім берудің және мейіргер күтімінің сапасын қамтамасыз етудің өзекті тақырыптары, Қазақстан Республикасындағы мейіргер ғылымының кадрлық әлеуеті мен инфрақұрылымының жай-күйі, мейіргер ғылымын дамытудың халықаралық тәжірибесі, Қазақстандағы мейіргер ғылымының қазіргі заманғы даму перспективалары талқыланды.
“Жедел медициналық көмек және мейіргер ісі” кафедрасының ассистенті А.Оспанбек, “Мейіргер ісі” білім беру бағдарламасының магистранттары Н.Ж. Султанбаева, К.К.Касимова, А.Д.Бижанова баяндама жасады.
Екі күндік іс-шара практикалық ұсынымдар әзірлеумен және резолюция қабылдаумен аяқталды.

https://skma.edu.kz/files/IMAGES/NEWS/202205/1997-1.jpg

https://skma.edu.kz/files/IMAGES/NEWS/202205/1997-2.jpg

https://skma.edu.kz/files/IMAGES/NEWS/202205/1997-3.jpg

https://skma.edu.kz/files/IMAGES/NEWS/202205/1997-4.jpg

https://skma.edu.kz/files/IMAGES/NEWS/202205/1997-5.jpg

https://skma.edu.kz/files/IMAGES/NEWS/202205/1997-6.jpg

 

Leave a Comment

Your email address will not be published.