«Мейіргер ісіндегі жүйелік шолу» атты онлайн оқыту курсы

1726 1

Erasmus + бағдарламасы шеңберінде, «AccelED – Қазақстанның жоғары білім беру жүйесінде магистратура және Phd докторантура деңгейінде мейіргер ісін жетілдіру» жобасы бойынша Джоанна Бриггс институтының «Systematic review on nursing» онлайн оқыту курсы 2021 ж. 4 сәуір мен 9 маусым аралығында өткізілді. JBI – дәлелді медицина саласындағы жетекші институт болып табылады, Оңтүстік Австралия, Аделаида қаласында орналасқан.

AccelEd жобасының ОҚМА командасы: «Жедел медициналық көмек және мейіргер ісі» кафедрасының меңгерушісі А.А. Сейдахметова, кафедра ассистенттері У. А. Ходжакулова, Д. Әуезханқызы, Э. Ш. Юнусметов кешенді жүйелі шолу жүргізу бойынша оқытудан өтіп, сертификаттарға ие болды.

Курстың тәжірибелік маңыздылығы – оқытушыларға клиникалық практикада жеткілікті дәлелдер алу үшін әртүрлі теорияларға жүйелі шолу жасау дағдыларын үйрету. Оқыту деректерді іздеу стратегиясы мен әдістерін басқаруға, соның негізінде мамандарды іс жүзінде шешім қабылдау үшін жеткілікті ақпаратпен қамтамасыз ететін ғылыми негізделген тұжырымдар жасауға мүмкіндік берді.

1726 2

Финляндия, Нидерланды, Қазақстан университеттерінің қатысушылары сандық зерттеулердің дизайнын талқылады және зерттеу дизайнын дұрыс таңдау бойынша тапсырмаларды орындады, шағын топтарда зерттеулерге баға берді және мақалаларға талдау жасады. Зерттеудің әдіснамалық сапасын бағалау және тәуекел дәрежесін анықтау бойынша зерттеушінің дағдылары алынды.

Оқыту барысында қатысушылар зерттеу мәселесі және тиімділік бойынша шолу, зерттеулерге қосу критерийлері талқыланған өз презентацияларын ұсынуға мүмкіндік алды. Тренинг дәріскерлері кері байланыс беріп, тәжірибелерімен бөлісті, тренингке қатысушылар SUMARI бағдарламасында өз шолуларымен жұмыс жүргізді.

1726 3

Оқыту бағдарламасына сәйкес, сондай-ақ: сапалы (интерпретациялық және сыни) әдіснамалар, зерттеулерді сыни бағалау, зерттеу деректері және деректерді шығару, деректерді талдау және мета-синтез,нәтижелерді ұсыну және түсіндіру, мәтіндік пікірлерді жүйелі шолу, деректерді алу және синтездеу, аралас әдістерді жүйелі шолуларға енгізу, Scoping шолулар, қолшатыр шолулары туралы талқыланды. Қатысушылар топтарда тапсырмаларды орындады және сапалы зерттеу әдістері бойынша хаттамалардың презентацияларын ұсынуға мүмкіндік алды.

Д.Әуезханқызы ОҚМА командасының атынан сандық әдіс хаттамасы бойынша баяндама жасады: “Каптоприлмен салыстырғанда 18 және одан жоғары жастағы ересектерде асқынбаған гипертониялық кризді емдеудегі Моксонидиннің тиімділігі” және “COVID-19 бар пациенттерге күтім жасау кезіндегі психологиялық стресс, мейіргерлердің тәжірибесін зерттеу”. Шолу сұрақтары, хаттаманың қысқаша мазмұны, қосу және алып тастау критерийлері қаралды.

1726 4

1726 5

1726 6

1726 7

 

Leave a Comment

Your email address will not be published.