Қазақстанда жоғары білім беру жүйесінде магистратура мен PhD докторантура деңгейінде мейіргер ісін жетілдіру – Acceled

2021 жылы 30 қыркүйекте Астана медицина университетінде 618052-EPP-1-2020-1-LT-EPPKA2-CBHE-SP «Қазақстанда жоғары білім беру жүйесінде магистратура мен PhD докторантура деңгейінде мейіргер ісін жетілдіру – Acceled» жобасы бойынша мониторинг өтті.
Мониторингті Қазақстандағы Erasmus+ бағдарламасының ұлттық офисінің директоры Шайзада Өмірзаққызв Тасболатова мен бағдарлама менеджері Дана Серікбай жүргізді. Бұл шараға серіктес жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты: Астана медицина университеті, Қарағанды медицина университеті, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы, Назарбаев университеті және С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті.

Мониторинг міндеттері – бұл жобаға бастапқы кезеңде көмек көрсету, оның жергілікті / ұлттық деңгейде хабардарлығын арттыруға көмектесу, мүмкін болатын сәтсіздіктер мен қиындықтардың алдын алу бойынша ұсыныстар енгізу; ережелер мен процедуралар туралы ақпараттандыру, мақсаттар мен басымдықтарға шолу жасау, жобаны іске асыру әдістемесі, жоспарланған іс -шаралар.
АстМУ ректорының міндетін атқарушы Маржан Даулетярова мен AccelEd үйлестірушісі Юрате Мацияускиене (Литва денсаулық ғылымдары университеті) құттықтау сөз сөйлеп, жобаның Қазақстанда мейіргер ісін дамыту үшін өзектілігі мен маңыздылығын айта кетті.

Мониторинг аясында іс-шараларды жүзеге асыру, әсер ету мен тұрақтылық, серіктестік пен ынтымақтастық, жобаның өзектілігі сияқты мәселелер талқыланды. Жалпы, мониторингтік сапар өте пайдалы және уақытында өткізілді, өйткені жобаны одан әрі іске асыру бойынша ұсыныстар алынды.

Leave a Comment

Your email address will not be published.