2017 ж. 4-5 сәуір айында ModeHEd жобасы аясында «Университеттердегі медициналық білімді жаңғырту» атты Workshop

2017 ж. 4-5 сәуір айында ModeHEd 561857-ЕРР-1-2015-DE-EPPKA2-CBHE-JP халықаралық жобасы аясында «Университеттердегі медициналық білімді жаңғырту» атты Workshop Ташкент қаласында Ташкент медициналық академиясы және Өзбек мемлекеттік дене шынықтыру интитутының базасында өтті. ModeHEd жобасының семинарына ОҚМФА дан оқу-әдістемелік орталығының бастығы Ибрагимова А.Г., анестезиология және реаниматология курсы мен мейірбике ісі кафедрасының меңгерушісі Сейдахметова А.А., Дәлелді медицина бөлімінің бастығы Ахмадиева К.Е. қатысты.
Өзбек мемлекеттік дене шынықтыру интитутының базасында семинардың бірінші күні өте нәтижелі және қызықты өтті. Серіктес елдердің университеттерінің қатысушылары оқу бағдарламалары мен пәндерді жаңғырту бойынша талдама бағытын, мультимедиялық секторды талқылады.
Ибрагимова А.Г. қазақстандық делегация атынан сөз сөйледі. Академияның жұмыс тобының қатысушылары Сейдахметова А.А., Ахмадиева К.Е. «Алғашқы дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсетуде үздік тәжірибелерді жетілдіру» пәнінен оқу жоспарларды жаңғырту», «Қоғамдық денсаулық сақтау және денсаулық сақтауды» басқару пәнінен оқу жоспарларды жаңғырту» атты презентацияларын қатысушылар назарына ұсынды.
Екінші күні академия өкілдері Ташкент медициналық академиясы базасында өткен семинарға қатысты. Ташкент медицина академиясының студенттері симуляциялық ойын, жүрек-өкпе реанимация алгоритмдерін көрсетті. Prof. Stanislav Stipek, Dr.Jaroslav Majernik Европалық серіктестермен On-line режимінде сұрақтар талқыланды (хаттаманы жүктеу).
2017 ж. 4-5 сәуір айында ташкент қаласында өткен семинардың жұмыс барысы: Қазақстан ЖОО келген қатысушылар:

957-1

957-2

957-3

957-4

957-5

957-6

957-7

 PROTOCOL OF THE PROJECT WORKSHOP MEETING IN TASHKENT, UZBEKISTAN

Leave a Comment

Your email address will not be published.