«ОҚМА» АҚ командасы – «Жедел медициналық көмек және мейіргер ісі» кафедрасының меңгерушісі А.А.Сейдахметова, кафедра ассистенттері У.А.Ходжакулова, Д. Әуезханқызы, Э.Ш.Юнусметов 2022 ж. 13-17 маусым аралығында Каунас қаласында Литва денсаулық ғылымдары университетінде өткен «Мейіргер ісіндегі озық сапалы зерттеулер» атты мастер-класс жұмысына қатысты. Оқу курсы AccelEd («Қазақстанның жоғары білім беру жүйесінде магистратура және PhD докторантура деңгейінде мейіргер ісін жетілдіру») жобасының бір бөлігі болып табылады.
Erasmus + AccelEd жобасы ЕО-мен бірлесіп қаржыландырылады және жоғары білім берудің әлеуетін арттыру мен реформалау үшін инновациялық жобаларды іске асырады. Мастер-класс ҚР медициналық университеттерінің: ОҚМА, ҚазҰМУ, Назарбаев университеті, Астана медидина университеті, Қарағанды медицина университеттерінің профессор-оқытушылар құрамы, магистранттары мен докторанттары үшін ұйымдастырылды.
Мастер-класстың мақсаты – сапалы зерттеу жобаларын жүргізу және сапалы зерттеулердің нәтижелерін талдау үшін қажетті білім мен дағдыларға назар аудару.
Мастер-класс барысында қатысушылар жеке және топта жұмыс жасады, сапалы деректерді талдады, сапалы немесе сандық зерттеу түріне байланысты сапалы зерттеу мәселелерін тұжырымдады. Қатысушылар сапалы зерттеулер әдіснамасы бойынша білімдерін кеңейтіп, сапалы зерттеуге байланысты білім мен дағдыларды үйрету үшін дидактикалық, интерактивті және қолданбалы әдістердің жиынтығы қолданылды.
Мастер-класс модераторлары:
Аурелия Blaževičiene – медицина ғылымдарының докторы, денсаулық сақтау магистрі, Литва медициналық ғылымдар университетінің мейіргер ісі кафедрасының профессоры.
Ольга Рикликиене – РН, MPH, PhD, Литва денсаулық ғылымдары университетінің мейіргер ісі кафедрасының профессоры.
Юргита Гулбинене – РН, магистр, PhD докторы, Литва денсаулық ғылымдары университетінің мейіргер ісі кафедрасы.
Паоло Колет – РН, PhD; Назарбаев Университеті Медицина факультетінің доценті.
Джозеф Алмазан – РН, ассистент профессор, Назарбаев Университеті, Медицина факультеті.
Стина Уоллин – PhD докторанты, Физиотерапия магистрі, Або Академия университеті, Білім департаменті, Денсаулық сақтау ғылымы.
Тора Хафштейндоттир – Ph. Р.Н., Утрехт UMC / Утрехт университетінің мейіргер ісі бөлімінің аға ғылыми қызметкері, Нидерланды.
Ханна Хопия – RN, PhD докторы, доцент, JAMK қолданбалы ғылымдар университетінің аға оқытушысы, Финляндия.