2020 жылы «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» Эразмус + бағдарламасы шеңберінде «Ресейде , Қазақстанда және Әзербайжанда – LMQS ашық және қашықтықтан оқыту шеңберінде денсаулық сақтау саласындағы стратегиялық менеджмент және қауіп қатерді басқару бойынша бакалавриат пен магистратураны кәсібилендіру» жобасы бойынша грант иегері атанған, мұндағы грантқа үміткер болып «Батыс Аттика» (Греция) университеті табылады.
Қолданылған жылдары: 2021-2024 жж.
Жобаның мақсаты – денсаулық сақтауды дамыту және денсаулық сақтау қызметтерінің сапасын басқару, сондай-ақ Ресейде, Қазақстанда және Әзірбайжанда саясатты және стратегиялық қағидаларды іске асыруға кадрларды жұмылдыру және жоғары білім беру бағдарламаларын ұсыну арқылы оларға қажетті іс-әрекеттерді практикада қолдануды үйрету (академиялық бағдарламалар), сонымен қатар медициналық құрылымдарға, компанияларға қажет дағдыларды беруге қабілетті оқыту бағдарламаларының дамуына ықпал ету болып табылады.
Жоба құрылымдық, консорциумға Қазақстан, Ресей және Әзірбайжанның 12 жоғарғы оқу орындары кіреді. Бағдарлама Греция, Франция және Румыния елдерінің жоғарғы оқу орындарымен ұсынылды. Алматы қаласының №7 ші қалалық ауруханасы, Әзірбайжан «Ұлттық онкологиялық орталығының ядролық медицина» бөлімі, Румынияның «Үздіксіз білім беру және біліктілігін арттыру» орталығы, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі және Денсаулық сақтау министрлігі консорциумның серіктестері болып табылады.
Бұл жоба EQF және Болон процесіне сәйкес, денсаулық сақтау компаниялары күткен жаңа оқыту бағдарламаларын әзірлеу және енгізу үшін әр түрлі ұйымдарды біріктірудің (мемлекеттік, жекеменшік, министрліктер, университеттер, компаниялар) , бағдарланған тәсілінің арқасында инновациялық болып табылады. Бұл сонымен қатар интернетте қол жетімді студенттер мен қызметкерлерге арналған модульдерді ұсынатын кәсіби бакалавриат пен магистратура бағдарламаларын құру. Дағдыларға негізделген қажеттіліктерді талдау әдістемесі ұсынылатын тренингтің компаниялардағы бар және күтілетін жұмыстармен үйлесімді болуын қамтамасыз етеді.
Консорциум құрамы | |
P1 | West Attica Университеті,Афина (Греция) |
P2 | Серіктестер қауымдастығы – жергілікті даму бастамашыл тобы (Румыния) |
P3 | Н.Ф. Катанов Мемлекеттік университеті, Хакасия (Ресей) |
P4 | Красноярск мемлекеттік медициналық университеті (Ресей) |
P5 | Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Қазақстан) |
P6 | Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті (Казахстан) |
P7 | Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы (Қазақстан) |
P8 | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (Қазақстан) |
P9 | Әзірбайжан техникалық университеті (Әзірбайжан) |
P10 | Мәскеу мемлекеттік медицина университетінің Баку филиалы И.М. Сеченов (Әзірбайжан) |
P11 | Ядролық медицина кафедрасы, Ұлттық онкология орталығы, Баку (Әзірбайжан) |
P12 | «Ресей халықтар достығы университеті» мемлекеттік жоғары оқу орны (Ресей) |
P13 | И.М. Сеченов атындағы Мәскеу Федералды мемлекеттік медицина университеті (Ресей) |
P14 | «Персоналды жетілдіру және қайта даярлау орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (Ресей) |
P15 | Нахичеван университеті (Әзірбайжан) |
P16 | № 7 қалалық клиникалық ауруханасы, Алматы (Қазақстан) |
P17 | ҚР Денсаулық сақтау министрлігі (Қазақстан) |
P18 | Азур университеті (Ницца София-Антиполис) (Франция) |
P20 | Лилиу Хатиегану Клуж атындағы Медицина және фармация университеті (Румыния) |
P21 | Асфендияров атындағы Ұлттық медициналық университеті (Қазақстан) |
P22 |
Қазақстан-Ресей медициналық университеті (Қазақстан) |