2023 жылғы 7-9 ақпанда Қарағанды медицина университеті, JAMK қолданбалы ғылымдар университеті (Финляндия) және Астана медицина университеті “Қазақстанда дәлелді мейіргер ісін қолдау үшін ынтымақтастықты дамыту” атты дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстел жұмысына медициналық университеттердің профессор-оқытушылар құрамы мен басшылары, практикалық денсаулық сақтау өкілдері, докторанттар мен магистранттар қатысты. Оңтүстік Қазақстан медицина академиясынан: Бірінші проректор м.ғ.к., профессор Есиркепов Марлен Махмудович, “Жедел медициналық көмек және мейіргер ісі” кафедрасының меңгерушісі м.ғ.к., доцент Сейдахметова Айзат Әшімханқызы, кафедраның ассистенті Дана Әуезханқызы қатысты.
Дөңгелек үстел Acceled (“Қазақстанның жоғары білім беру жүйесінде магистратура және PhD докторантура деңгейінде мейіргер ісін жетілдіру”) жобасының бір бөлігі болып табылады, оны Erasmus+ арқылы ЕО қаржыландырады және жоғары білім берудің әлеуетін арттыру және реформалау үшін инновациялық жобаларды іске асырады.
Юрата Мацияускене, жобаның үйлестірушісі, факультет деканы, Литва денсаулық ғылымдары университетінің (Каунас) гериатрия бөлімінің профессоры AccelEd жобасының нәтижелері мен әсері туралы баяндады. Бьянка Пилла JBI-дегі жаһандық қатынастар жөніндегі директор, Аделаида университеті (Австралия) JBI орталығының артықшылықтары, JBIC-ті ашу қадамдары туралы айтты. Ғылымды цифрландыру саласындағы сарапшы Тебаев Данияр Қазақстандағы ашық ғылым, ғылыми журналдардағы жарияланымдардың маңыздылығы және ғылымның әсері мәселелерін қозғады.
“ЕО ашық ғылым саясаты және оны Финляндияда жүзеге асыру” тақырыбында қолданбалы ғылымдар университетінің (Финляндия) аға кеңесшісі, медицина ғылымдарының кандидаты, доцент Йоханна Хейккила баяндама жасады.
Назарбаев Университетінің Медицина мектебінің доценті Паоло Колет JBI -мен дәлелдемелерді енгізу бойынша клиникалық тағылымдама тәжірибесімен және UMC ауруханаларында дәлелдемелерді енгізу жобасымен бөлісті.
Нидерландыда Оpen Science-ті қолдау үшін репозиторийлер құру тәжірибесі туралы Утрехт университетінің (Нидерланды) медицина ғылымдарының докторы Тора Хафстейнсдоттир айтты.
Барлық қатысушылар өткізілген воркшоптар барысында топтарда жұмыс жасап, талқылау нәтижелерін баяндады. Дөңгелек үстелде JBI ұйымдарына қосылу, Қазақстанда орталық ашудың өзектілігі мен артықшылықтары туралы пікірталас өткізілді. Ашық ғылым мәселесі көтерілді, қатысушылар Қазақстанда мейіргер ғылымын дамыту үшін бірыңғай репозиторийдің ашылуын талқылады.