Екінші үйлестіру кездесу шеңберіндегі іс-шаралар

Бағдарламаның 1-ші күні Кошице қ. Павел Йозеф Шафарик атындағы  Университетінің ректоры П.Словак, медициналық факультетінің деканы Д.Пелла, жобаның қаржы менеджері Марина Иванова, Павел Йозеф Шафарик атындағы  Университеті атынан жоба әріптесі болып табылатын Я.Мажерникпен кездесу өтті.

Үш жұмыс күні ішінде жоба серіктестері 10 секция бойынша жұмыс атқарды.

Павел Йозеф Шафарик атындағы  Университетінің презентациялары келесі тақырыптар бойынша тыңдалды және талқыланды: «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Қоғамдық денсаулық сақтау және денсаулық психологиясы», «Жүрек-қан тамырларының ауруларын алдын алу», «Әлеуметтік және мінез-құлық медицина», «Медбикелік күтім», «Қоғамдық денсаулық және гигиена», «Павел Йозеф Шафарик атындағы  Университетінің білім беруде спорттық медицина», «Медициналық физиология», «Жас ерекшелік физиологиясы және геронтология мен гериатриядағы білім беру», «Сот медицинасы», «Медициналық пәндерде алғашқы медициналық көмек көрсету», «Неонатология», «Акушерлік және гинекологиядағы симуляция», «Хирургиядағы симуляция», «Қалай дәрісті қызықты өтуге болады», «Медицинадағы биофизика», «Эксперименттік медицина», «Биомедициналық инженериясы», «Медициналық информатика».

2-ші және 3-ші жұмыс күндерінде қатысушыларға келесі клиникалық кафедраларға барып қайтуға мүмкіндік берілді:

  • Анестезилогия және терапия кафедрасы
  • Неонатология кафедрасы
  • Биофизика кафедрасы
  • Эксперименттік медицина кафедрасы
  • II Словак Шығыс Институтының жүрек-қан тамырларының аурулар кафедрасы
  • Биомедициналық инженерия және өлшеулер кафедрасы (Техникалық университет және биомедициналық инженерия зертханасы).

3-ші күні жұмыс топтардың қызметін талқылау, алдын ала нәтижелерді қалыптастыру, келесі әрекеттерді жоспарлау бойынша дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды.

2016 жылдың 24 қараша күні 2-ші үйлестіру кездесу Прага қаласындағы (Чехия) Карлов университетінде жалғасты.

Ашылу рәсімін профессор Станислав Стипек (Карлов университет) өткізді. Өзбекістан, Қазақстан, Германия әріптестерге жылы сәлем беріп, жобада ынтамақтастық болғанына алғысын білдірді.

Карлов университетінің ректоры Томаш Зима және бірінші медициналық факультетінің деканы, профессор Алекси Шедо қосымша сөз сөйледі.

Еуропаның беделді жоғары оқу орындарының бірі, Карлов университетінің ректоры кездесудің жоспары мен мақсаттар туралы қысқаша мәлімет беріп, Карлов университетінде білім беру үдерісіне тоқталып өтті. Эразмус+ ЕО-ның ең үздік бағдарлама болып табылатынын айтып ескертті, және қазіргі таңда университетте ЕО елдерінен 2000 астам студенттер, Өзбекістаннан – 12 студент, Қазақстаннан – 8 студент оқиды.

Кездесу қатысушылары Бірінші медициналық факультетіне барып қайтты. Мұнда ерекше қызығушылықты білдіріп, стоматологиялық мамандықтардың студенттерін оқыту үшін медициналық симуляциялар орталығының жұмысымен, физиология кафедрасының симуляциялық орталығымен танысты.

Келесі күндері Карлов университетінің қызметкерлерінің презентациялары мынадай тақырыптар бойынша тыңдалды және талқыланды: «Академиялық желілік инфрақұрылым», «Электронды кітаптар мен электронды ақпарат көздері», «Циркуляция үлгісімен интерактивті ойындар», «MEFANET- сенім желісі», «WikiSkripta — ашық білім беру ресурсы».

Соңғы күні Қазақстан мен Өзбекістанның әріптестерінің баяндамалары талқыланды: «Тестілеу рөлі және Өзбекістанның медициналық білім беру жүйесінде тесттердің сапасын жақсартуда талдауы»- – Маматкулов Бахромжон және Инаков Шерзодбек (Ташкент медициналық академиясы) және «ОҚМФА-да пайдаланатын тесттерді тексеру» Орынбасаров Ержан (Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясы).

Сондай-ақ, қаржылық аспектілері және жобаның жұмысын ұйымдастыру туралы жобаның қаржы менеджері Марина Иванованың қызығушылықпен тыңдалған презентациясында тағы да түсіндірілді.

2-ші үйлестіру кездесудің бағдарламасы қызықты, нәтижелі болып өтті.

Leave a Comment

Your email address will not be published.