561857-ЕРР-1-2015-DE-EPPKA2-CBHE-JP «Университеттердегі медициналық білімді жаңғырту» МodeHEd халықаралық жобасы бойынша Kick-off Meeting (Ташкент, Ташкент медициналық академия) (29-31 наурыз, 2016)

Академия өкілдері – даму және инновация жөніндегі проректоры А.А.Ахметова, оқу-әдістемелік орталығының бастығы А.Г.Ибрагимова, фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасының аға оқытушысы Е.Орынбасаров 561857-ЕРР-1-2015-DE-EPPKA2-CBHE-JP «Университеттердегі медициналық білімді жаңғырту» МodeHEd халықаралық жобасы бойынша Ташкентте өткен Kick-off Meeting іс-шараға қатысты.

Е.Орынбасаров ОҚМФА презентациясында 4 мәселені  талқылады (студенттер сіздердің ЖОО-ды таңдайтын 3 дәлелді себептері; сіздердің ЖОО-да оқытушылардың еңбек ақысы қаншалықты қанағаттанарлық; денсаулық сақтау пәнінің оқыту жағдайы; оқытушы ретінде дидактикалық алдағы оқытуды таңдау мүмкіндігі болса, қайсысын таңдайтын едіңіз).

Екінші күні академия өкілдері  келесі дөңгелек үстелдерде қатысты: «Алғашқы дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсетуде үздік тәжірибелерді жетілдіру» пәнінен оқу жоспарларды жаңғырту» (А.Г.Ибрагимова- топ модераторы, А.А.Ахметова), «Қоғамдық денсаулық сақтау және денсаулық сақтауды» басқару пәнінен оқу жоспарларды жаңғырту» (Е.Орынбасаров).
816-2

Leave a Comment

Your email address will not be published.