2017 жылдың 27-28 қыркүйек күндері Erasmus+ жобасының «ModeHEd – Modernizing health education in universities» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы аясында Чехия, Словакия, Өзбекстан мен Қазақстанның ЖОО-серіктестерін ОҚМФА қабылдады.
Конференцияның ашылу рәсімінде ОҚМФА ұйымдастыру-экономикалық мәселелер жөніндегі проректор, профессор Б.К. Махатов, Қазақстандағы Эразмус+ Ұлттық кеңсесінің үйлестірушісі Ш.У. Тасбулатова, Лейпциг қолданбалы ғылымдар университетінің өкілі (HTWK, Лейпциг, грантхолдер) Klaus Haenssgen, Өзбек мемлекеттік дене шынықтыру институтының ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры, профессор Р.Д. Халмухамедов сөз сөйледі.
Конференция шеңберінде келесі секциялар жұмыс жасады: «Валеология, Медициналық білім негіздері, Жас ерекшелік физиологиясы мен гигиена, Физиология оқу курстарын тиімді жаңғырту мәселелері», «Спорттық медицина және дене шынықтырудың гигиенасы, Емдік дене шынықтыру және дене шынықтырудың гигиенасы оқу курстарын тиімді жаңғырту мәселелері», «Алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсетудің үздік практикасын жаңғырту курсын жетілдіру», «Қоғамдық денсаулық сақтау, қоғамдық денсаулық сақтауды басқару», «UzHealth, TechReh, MEDiPHyS, SPHERA, TAME тектес жобалардың тәжірибесін зерттеу және жобааралық қатынастарды дамыту».
Конференцияның екінші күні жоба менеджері Alex Dekin жоба бойынша есептілік аспектілерін атап өтті.