2017 жылдың 5 қыркүйек күні Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясында Өзбекстан мен Қазақстанның жергілікті үйлестірушілердің кездесуі өтті.
Кездесуде 2017 ж. 26-28 қыркүйек күндер аралығында Шымкент қаласында болатын Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияны ұйымдастыру және өткізу мәселелері талқыланды.
Басылымдар жинағының макеті, конференция бағдарламасының жобасы, қатысушылардың тізімі қарастырылды. Жоба туралы ақпаратты тарату мәселесі, екі республикалардың жоғары білім беру жүйесін жетілдіруге жоба нәтижелерінің әсері талқыланды.