ОҚМА Erasmus+ жобалары туралы

Эразмус+ — Еуропалық Одақтың білім беру, оқыту, спорт және жастар саясаты саласындағы жобаларды, ынтымақтастықты, академиялық мобилділікті қолдауға бағытталған 2014 жылдан бастап 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған жаңа бағдарламасы.

Бағдарлама туралы ағылшын тілінде егжей-тегжейлі ақпарат http://ec.europa.eu/programmes/erasmus-plus/index_en.htm сайтында берілген.

Презентацияhttp://ec.europa.eu/programmes/erasmus-plus/documents/erasmus-plus-programme-guide_en.pdf

Эразмус+ бағдарламасы білім беру және оқыту жүйелерін жаңғырту және тұрақты дамытуға қолдау жасауға, жастар саясаты және спортты дамытуды қолдауға, сонымен қатар дағдыларды жетілдіруге және, осылайша, адамдарды жұмыспен қамтылу мүмкіндігін жақсартуға бағытталған. Жаңа бағдарлама адам әлеуетін дамытуға инвестицияларды едәуір ұлғайтуды болжайды.

Жаңа атаумен ол 2007-2013 жылдары әрекет еткен бірқатар бағдарламаларды бірыңғай біріктірілген бағдарламаға жинақтады, атап айтсақ, Өмір Бойы Білім Алу Бағдарламасы (Эразмус, Леонардо да Винчи, Комениус және Грюндтвиг), Әрекет етуші жастар, бес халықаралық ынтымақтастық бағдарламалары (Эразмус Мундус, Темпус, Альфа, Едюлинк және өнеркәсіптік дамыған елдермен ынтымақтастық бағдарламасы). Еуропалық Одақтың негізгі бастамаларын осылай бүтін бір бағдарламаға біріктіру Бағдарламаның құрылымын оңтайландыруға, және де әрі қарай грантқа өтінімдер беру үдерісін жеңілдетуге, қаржы құралдарын тиімді пайдалануды арттыруға, әрекет етіп жатқан бағдарламалардың қайталануын азайтуға және бөлектенуін болдырмауға мүмкіндік береді.

Қазақстанда Erasmus+ (бұрын Tempus) бағдарламасы 1995 жылдан бастап әрекет етеді. Бағдарламаның Қазақстандағы үйлестірушісі – Тасбулатова Шайзада Умурзаковна.

 

Жоба туралы

o_proekte

Қоғамдық денсаулық сақтау саласына  жәрдемдесуге бағытталған жобаның жалпы мақсатына сәйкес Қазақстан және Өзбекстан университеттерінде денсаулық сақтау бойынша оқу бағдарламаларын жаңарту арқылы, келесі қадамдар қабылданатын болады: адаптация, денсаулық сақтау саласындағы білім беруді жаңарту және қайта құрылымдауы, инновациялық оқыту технологияларын оқу үдерісіне мультимедиялық және дыбыс-бейнелік компоненттер ретінде енгізу; алынған нәтижелерді енгізу үшін нұсқаулықтарды қолдану; серіктес елдер (СП) университеттерінде жаңа бағдарламаларды енгізу және тұрақтылығын қамтамасыз ету. Бағдарламаның 7 курсы жобаның жұмыс топтарымен жаңғыртылады, ал оның мүшелері ЕО университеттер-серіктестерде оқу өтеді. Оқу курстарын дайындау мен жаңғырту барысында жұмыс топтарға техникалық және оқу жабдығы берілетін болады. Жобаның тиімділігі арнайы оқу семинарларын ұйымдастыруға және өткізуімен, ЕО мен СП серіктестер арасында тығыз ынтымақтастықпен, сондай-ақ, контрактор мен жергілікті үйлестірушілердің іске асыру барысындағы тұрақты мониторингпен қолдау табатын болады.

Жақсы нәтижелерді қамсыздандырып, ұтқырлық санын қысқарту арқылы бюджетті үнемдейтін жобаның басқарылуы негізінен СП жергілікті ұйымдарымен қамтамасыз етіледі. Ақпаратты тарату конференциялар, веб-беттердегі басылымдар арқылы ұйымдастырылады; жоба нәтижелері туралы ақпарат тиімді таратылуы мақсатында жарияланатын болады. Нәтижелерді тарату әрекетте ЕО және СП ұйымдары қатысады.

Жобаны іске асыру үдерісінде қатыспаған  СП-дің басқа ЖОО-на жоба нәтижесі жіберіледі. Бұл ұлттық деңгейде нәтижелерді пайдалануға мүмкіндік береді. Барлық жобалық жабдықтары одан әрі пайдалану үшін жоба аяқталғаннан кейін СП университеттердің теңгеріміне жіберіледі. Тәжірибе мен жоба барысында сатып алынған техникалық құралдар жобаның тұрақтылығын қамтамасыз ететін СП университеттерде жақсы негіз бола алады.

Мақсаты: Орталық Азия университеттерінде оқу пәндерінің мазмұнын жаңғырту арқылы денсаулық сақтау саласын қолдау.

ModeHEd жобасының серіктестердің тізімі

Ұйымның атауы Қатысушы-ел сайт
1 Қолданбалы ғылымдардың Лейпциг университеті Алмания http://www.leipzig.de/#
2 Андижан мемлекеттік университеті Өзбекстан www.anddu.uz
3 Бұхара мемлекеттік медициналық институт Өзбекстан www.avicenna-med.uz
4 Фергана мемлекеттік университет Өзбекстан http://www.fdu.uz/?lang=ru
5 Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университет і Қазақстан http://kazmkpu.kz/ru
6 Коканд мемлекеттік педагогикалық институт Өзбекстан http://www.qdpi.uz
7 Наманган мемлекеттік университет Өзбекстан http://namdu.uz/
8 С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті Қазақстан  

http://kaznmu.kz/rus/

9 Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы (ОҚМА) Қазақстан http://ukma.kz/ru/
10 Ташкент медицина академиясы Өзбекстан http://tma.uz/ru/
11 Медициналық білімді дамыту орталығы Өзбекстан
12 Прага қаласындағы Карлов университеті Чехия http://www.cuni.cz/
13 Кошица каласындағы Павел Йозеф Сафарик атындағы университет Словакия http://www.upjs.sk/
14 Өзбек медициналық-педагогикалық ассоциация Өзбекстан
15 Дене шынықтырудан өзбек мемлекеттік  институт Өзбекстан www.uz-djti.uz